Бокс

Кличко чемпиондық белбеулерін қайтарып алды

Кличко чемпиондық белбеулерін қайтарып алды
news-banner7
mobile-news-top

Владимир Кличкоға белбеулері қайтарылды. Украиналық 2015 жылы төрешілер шешімімен британиялық Тайсон Фьюриден жеңіліс тауып, WBA Super, IBF және WBO нұсқалары бойынша титулынан айырылған еді, деп жазады Prosports.kz.

Бокс федерацияларының ережелеріне сәйкес, жекпе-жек кезінде чемпиондық белбеулер супкрвайзердің қолында болады, жекпе-жектің нәтижесін жариялағаннан кейін оларды ескі немесе жаңа чемпионға береді. Тайсон Фьюри 2015 жылдың 28 қарашасына қараған түні, жекпе-жек аяқталғаннан кейін белбеулерге ие болды.

Кейін үш бокс ұйымы да британиялыққа жаңа белбеуге тапсырыс беріп, жаңаларын жіберді, ал бұрынғы белбеуле украиналыққа қайтарылды. Федерациялардың мұндай символдық қадамы Владимирдің әлемдік кәсіпқой боксқа сіңірген еңбегін мойындаудың бір түрі еді .

1 маусымда аталған чемпиондық белбеулер Киевте Кличко мұражайына өткізіледі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер