«Астананың» экс-ойыншысы әзірбайжандық клубқа ауысады

«Астананың» экс-ойыншысы әзірбайжандық клубқа ауысады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Әзірбайжан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ричард Альмейда «Карабахқа» оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осыған дейін azerisport.com хабарлағандай, 31 жастағы футболшы жазда «Бани Яс» (БАӘ) клубынан кетеді. Шыққан тегі бразилиялық Альмейда Әзірбайжан чемпионатында жылына 600 000 табыс тапқан.

Әзербайжандық клуб футболшының командаға оралуына қарсы емес.

Айта кету керек, Әзірбайжан құрамасының ойыншысы Ричард Альмейда 2018 жылы «Астана» сапында ойнаа, онда ол 17 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер