Алексей Шпилевский: Бәріміз - біріміз, біріміз - бәріміз үшін

Алексей Шпилевский: Бәріміз - біріміз, біріміз - бәріміз үшін
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» бас бапкері Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында карантиннің жағымды жақтары, өткен маусымдағы қиындықтар және команданың жаңа көшбасшылары туралы айтты.

- Таяқтың екі ұшы бар секілді, карантин үйде қамалып отыру ғана емес, сонымен қатар мүмкіндіктер уақыты. Соңғы екі айда сіздің өміріңізде түртіп алатында жағымды сәттер болды ма?

- Шын мәнінде, екі ай мен үшін өте тез өтті. Бір нәрсе жасау керек еді. Мәселен, онлайн-тренингті жоспарлауға және өткізуге көп уақыт жұмсалды. Мәскеуде Pro UEFA лицензиясын алуға дайындалып жатқандықтан, дипломдық жұмысымды жаздым. Мен үшін ең жағымды нәрсе, әрине, отбасыммен уақыт өткізу, кішкентай қызымның күн сайын қалай өсіп жатқанын көру, әйелім екеуміз бақыттымыз.

- Топтық сабақтарға тыйым салынған жағдайда оқу процесі қалай құрылды және өткізілді?

- Заманауи технологиялардың арқасында біз Zoom қосымшасы арқылы онлайн-тренингімізді өткізе алдық. Біздің штаб және мен жігіттер өздерінің физикалық деңгейін айтарлықтай жоғалтпауы үшін осы жаттығуларды әртараптандыруға тырыстық.

- Негізгі құрамның және «Қайрат» академиясының жаттықтырушылар құрамында шетелдік мамандар көп. Олардың барлығы оқшаулану кезеңінде не істеді?

- Мен тек негізгі құрамдағы шетелдік әріптестерім туралы айта аламын. Күн сайын таңертең біз жиналып, талқылап, талдап, онлайн-тренинг дайындадық. Түстен кейін барлығы жеке істерімен айналысты.

- Ойыншылар туындаған кідірісті, содан кейін карантинді ұзартуды қалай қабылдады?

- Шынымды айтсам, жігіттердің жаттығуда бар күштерін салып, жауапкершілікпен қарағандары мені қатты қуантты.

- Осындай қиын уақытта клубта кету туралы ешкім ойламады ма?

- Бұл тіпті талқыланбады.

- 2020 жылғы Қазақстан чемпионаты үш емес, екі айналымда өтетіні «Қайрат» үшін қолайлы ма?

- Уақыт көрсетеді. Алдымен матчтарды бастауымыз керек. Чемпионат жалғасқан кезде бәрі кезең-кезеңімен шешіледі. Қалай болғанда да, жігіттер де, бапкерлер де турнирдің қайта басталуын асыға күтіп жүр.

- Өткен маусым барысында сізді баспасөз де, жанкүйерлер де жерден алып, жерге салды. Сіз үшін сол бір қиын сәттер қаншалықты ауыр болды? Эмоцияларға бой алдырып, қолды бір сілтеп, Алматыны желкемнің шұқыры көрсің деп кетіп қалғыңыз келген кез де болды ма?

- Мен соңғы нәтиже маңызды болатын салада жұмыс істейтінімді бірнеше рет айттым. Бізді нәтижеге апаратын процесті ешкім көргісі келмейді. Тактикалық және стратегиялық идеяларды жүзеге асыру үшін сізге уақыт қажет, ал ол жоқ. Мұны түсінетіндер ойынды байсалды бағалай алады.
- Сіздің ойыңызша, 2019 жылғы чемпионаттың соңында алтын жүлдеге ие болу үшін «Қайратқа» не жетіспеді?

- Мен көпшілік алдында баға бергенді ұнатпаймын, мың сылтау іздеп ақталғым да келмейді. Қысқаша айту керек болса, онда уақыт пен сәттілік. 2019 жылғы чемпионат өткеннің еншісінде. Спорттық тұрғыдан біз іштей талдау жасадық. Осы маусымда біз алға қойған мақсаттарымыздың жолын жалғастырамыз.

- Маусым соңында бірнеше жүйелі маңызды ойыншылар, нағыз көшбасшылар бірден «Қайраттан» кетті. Қыста сізге жаңа команда құру керек болды. Команданы қаншалықты мығым ете алдыңыз?

- Мен келісемін, басқа ортада жаңа сынақтан өту керек болған тәжірбиелі футболшылар кеті. Олардың орынын жеңіске құштар футболшылар басты. Жігіттердің көңіл-күйі өте жақсы. Шын мықтыны маусым анықтап береді.

- Қазір команданың көшбасшысы кім?

- Маған Ғафуржан Сүйімбаевтың жаңа рөлі ұнайды. Оның капитан ретінде өзін қалай танытқаны маған әсер етті, сонымен қатар Стас Покатилов, Раде Дугалич, Яцек Гуральцкий де көшбасшылық қасиеттерге ие. Жалпы, бізде алаңдағы батылдық, тәртіп пен жауапкершілік барлық ойыншылардан талап етіледі. Әр адам жүз пайыз барын салып, жауапкершілікті сезінуі керек, командаға құрметпен қарауы керек. Біріміз бәріміз, біріміз бәріміз үшін. Бұл жай бос сөз емес, бұл командалық спорт үшін шешуші фактор.

Фото: Қайрат ФК

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер