«Қайрат» шабуылшысы шетелде ойнайтын ең қымбат украиналық футболшылар тізіміне енді

«Қайрат» шабуылшысы шетелде ойнайтын ең қымбат украиналық футболшылар тізіміне енді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» шабуылшысы Адеринсола Эсеола шетелде ойнайтын ең қымбат украиндық футболшылардың тізіміне енді, деп жазады Prosports.kz.

Transfermarkt мәліметі бойынша, Эсеоланың бағасы 2,5 миллион еуро. Алматылық клубтың шабуылшысы тізімде жетінші орын алды. Оның алдында Андрей Лунин (Реал Мадрид), Эдуард Собол (Брюгге), Роман Яремчук (Гент), Андрей Ярмоленко (Вест Хэм), Руслан Малиновский (Аталанта) және Александр Зинченко (Манчестер Сити) жайғасқан.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда Эсеола астаналық Марина Томасовпен бірге чемпионаттың үздік сұрмерген атағын жеңіп алды. Екі легионер де 19 голдан соқты.

КПЛ-дің ағымдағы маусымында шабуылшы 2 матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер