Әлем футболы

«Бавария» қорғаушысы «Боруссиямен» ойында рекордтық көрсеткішімен көзге түсті

«Бавария» қорғаушысы «Боруссиямен» ойында рекордтық көрсеткішімен көзге түсті
news-banner7
mobile-news-top

«Бавария» қорғаушысы Альфонсо Дэвис дортмундтық «Боруссиямен» өткен ойында рекорд жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz мюнхендік клуб сайтына сілтеме жасап.

Канадалық футболшы аталған матчта ғаламат жылдамдықпен жүгірген. Матчтың бір сәтінде ол сағатына 35,3 шақырым жылдамдықпен жүгірді. 19 жастағы ойыншы бұл көрсеткіш бойынша сөзсіз үздік атанып отыр.

Live look at Alphonso Davies.

#BVBFCB 0-0 (35') pic.twitter.com/CWHb6auQZp

— FC Bayern US (@FCBayernUS) May 26, 2020

Айта кетейік, Альфонсо мюнхендіктер сапында барлық турнирде 35 матч өткізді. Қорғаушы екі гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер