Әлем футболы

Нойер Бундеслигада рекордқа қол жеткізді

Нойер Бундеслигада рекордқа қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер Германия чемпионатындағы 400-ші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. Soccernews.ru сайтына сілтеме жасап.

Мюнхендік клуб түнде дортмундтық «Боруссиямен» кездесіп, жеңіске жеткен болатын.

Нойер - Бундеслига тарихындағы осы көрсеткішке қол жеткізген үшінші футболшы. Германия чемпионатындағы 400-ден аса матчты тек «Унион» жартылай қорғаушысы Кристиан Гентнер (402) және «Бремен» шабуылшысы Клаудио Писарро (487) өткізді.

Қақпашы 2011 жылдың жазынан бері «Баварияның»сапында ойнайды. Жақында ғана ол «Бавариямен» келісімшартын 2023 жылға дейін ұзартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер