Бокс

Мексикалық промоутер: Головкинді алғашқы нокаутқа түсіретін боксшы Мунгия болмақ

Мексикалық промоутер: Головкинді алғашқы нокаутқа түсіретін боксшы Мунгия болмақ
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық промоутер Фернандо Бельтран өзінің клиенті Джайме Мунгияны қазақстандық Геннадий Головкинді мерзімінен бұрын жеңе алады деп үміттенетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe порталына сілтеме жасап.

«Әрине, Мунгия Головкинмен жұдырықтаса алады. Менің ойымша, бұл өте жақсы жекпе-жек болар еді, және Джайме оны бірінші болып нокаутқа түсіруге өте жақсы мүмкіндік алады. Ия, рингке GGG-мен айқасып көру ғанибет болар еді. Бұл өте жақсы идея», - деді Фернандо.

Еске сала кетейік, Головкин бүкіл мансабында екі рет қана жеңіске жете алмады. Бұл мексикалық Сауль Альвареспен болған 2 жекпе-жек еді.

Сонымен қатар, Мунгия тағы бір қазақстандық Қанат Исламмен осы жылдың мамыр айында «Канело» - Сондерс кездесуінің андеркардында жұдырықтаспақ болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер