«Бавария» сырт алаңда басты қарсыласын жеңді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызГермания Бундеслигасының 28-тур аясында дортмундтық «Боруссия» өз алаңында «Баварияны» қабылдады, деп жазады Prosports.kz.
Турнирлік кестеде көш бастап тұрған қос команданың кездесуі 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.
Германия чемпионаты
28-тур
«Боруссия» (Дортмунд) - «Бавария» (Мюнхен) - 0:1 (0:1, 0:0)
Гол соққан: Киммих 43'
Осы жеңістің арқасында «Бавария» (64) басты қарсыласы «Боруссиядан» 7 ұпайға ұзап, чемпиондық атаққа бір табан жақындай түсті.