Велоспорт

Велоспорттан Қазақстан біріншілігі тамыз айында өтеді

Велоспорттан Қазақстан біріншілігі тамыз айында өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан велосипед спорты федерациясы Халықаралық велосипедшілер одағының жаңа күнтізбесіне сәйкес ел чемпионаты өтетін жаңа мерзімді бекітті.

Ұлттық біріншілік 16-23 тамыз аралығында Петропавл қаласында өтеді.

17 тамыз күні жасөспірімдер арасындағы критериум жарысы, 18 тамыз күні ересектер мен жасөспірімдер арасындағы командалық бәсеке ұйымдастырылады.

19 тамыз күні жасөспірімдер арасындағы жекелей сын, 20 тамыз күні ересектер арасындағы жекелей сын жеңімпаздары анықталады.

21,22,23 тамыз күндері топтық жарыс жоспарланған.

Коронавирус індетіне байланысты алдағы уақытта өзгерістер болуы мүмкін.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер