Сербиялық футболшы өзіне қол жұмсады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБұрынғы футболшы Милян Мрдакович өзіне қол жұмсады, деп жазады Prosports.kz.
38 жастағы сербиялық ойыншы Белградта жалға алынған пәтерде өзін-өзі атып өлтірген.
Мрдакович мансабында «Андерлехт», ОФК, «Гент», «Ред Булл» (Зальцбург), «Металлист», «Маккаби» (Тель-Авив), «Витория» (Гимарайнш) қатарлы клубтарда доп тепкен. Сербия құрамасы сапында 2008 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан.