Жеңіл атлетика

Altay Athletics спортшылары стадионда жаттығуларын қайта бастады

Altay Athletics  спортшылары стадионда жаттығуларын қайта бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның кәсіби Altay Athletics жеңіл атлетика клубы стадионда жаттығулардың қайта басталғанын хабарлады.

«16 мамырдан бастап, екі айға жуық карантиндік режимнен кейін клуб спортшылары біртіндеп жаттығу процесін бастады. Спортшылар Өскемендегі «Самал» саябағында таза ауада жаттығуды бастады.

Бүгіннен бастап қаладағы спортшыларға стадионда 30 адамға дейін топтарда дене шынықтырумен айналысуға рұқсат етілді. Турнирлер қашан басталатын әзірге белгісіз», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Altay Athletics - Қазақстандағы алғашқы және жалғыз кәсіби жеңіл атлетика клубы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер