ММА

Қазақ жауынгерлерінің жеңісті сериялары

Қазақ жауынгерлерінің жеңісті сериялары
news-banner7
mobile-news-top

Underdog.kz спорт агенттігі қазақстандық файтерлердің жеңісті серияларын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімнің басында M-1 жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы (77 келі), ал қазір UFC файтері Шавкат Рахмонов тұр. Қазіргі уақытта «Номад» қатарынан 12 рет жеңіске жетті. Жауынгер MMA-да 2014 жылы қазанда өзінің дебютін өткізді, 12-0 есебімен керемет рекорд жасады. Жеті жекпе-жекті нокаутпен аяқтады.

Дәл осындай рекордпен Руслан Сариев (12-0) те мақтана алады. Аралас жекпе-жек шебері Сариев 2016 жылдың маусым айында өзінің дебютін NFC 4 турнирінде жасады. Соңғы үш жыл ішінде Руслан белсенділік танытты, өзінің еншісіне 12 жеңісті тіркеді.

Үшінші орында - жеңіл салмақтағы (70 келі) Артем Резников (21-6). Резников мансабын 2011 жылдың мамыр айында бастады. 2017 жылдың наурыз айынан бері Артем қатарынан жеті жекпе-жекте жеңіс тойын тойлады.


М-1 Global жеңіл салмақты чемпионы (61,2 келі) Сергей Морозов (16-4) 2018 жылдың шілдесінен бері қатарынан бес кездесуде жеңіске жетті. Бір жылдан аз уақыт ішінде Морозов M-1 Global чемпиондық белбеуін беліне тақты
.
Орта салмақтағы GFC чемпионы (84 келі) Дәурен Ермеков (14-4) та 2017 жылдың тамызынан бастап өткен жылдың желтоқсанына дейін қатарынан 5 жекпе-жекте қарсыластарынан айла асырды.
Үш файтердің қатарынан төрт жеңісі бар - Жалғас Жұмағұлов (13-3), Асылжан Бақытжанұлы (11-1) және Әділ Боранбаев (16-6).

Георгий Кичигин (23-6), Нұрсұлтан Қасымханов (11-2), Арман Әшімов (11-3) және Азамат Маркабаев (6-2) қатарынан үш кездесуде жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер