«Тобыл» соңғы бес жыл ішінде 11 бапкер алмастырған

«Тобыл» соңғы бес жыл ішінде 11 бапкер алмастырған
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық спорттық зерттеулер институты (CIES) соңғы бес жыл ішінде бапкер жиі ауысатын футбол клубтары мен лигаларының рейтингін жасады.

Рейтинг 2015 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін әлемдегі 766 клубты есепке алады. Орташа алғанда, ҚПЛ клубтарында жаттықтырушылар бес жылда 5,5 рет ауысады. Бұл әлемдегі 84 ел арасындағы 19-шы көрсеткіш.

Премьер-лига клубтарының арасында бірінші орынды «Тобыл» иеленді, қостанайлық клуб осы уақыт аралығында 11 жаттықтырушы ауыстырған.

Соңғы бес жылдағы ҚПЛ клубтарындағы ауысқан жаттықтырушылар саны:

1. «Тобыл» - 11 жаттықтырушы / бір жаттықтырушыға орта есеппен 14,6 матч

2. «Шахтер» - 9 жаттықтырушы / 18 матч

3. «Ертіс» - 8 / 20.1

4. Қайрат - 6/27

5. Оқжетпес - 5 / 25,6

6. Жетісу - 5 / 26,0

7. «Ордабасы» - 5 / 32.6

8. «Тараз» - 4/32

9. «Қайсар» - 3 / 43.3

10. «Астана» - 3/54

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер