Басқа

Тау шаңғысынан 2021 жылғы әлем чемпионаты кейінге шегерілуі мүмкін

Тау шаңғысынан 2021 жылғы әлем чемпионаты кейінге шегерілуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Тау шаңғысы спортынан әлем чемпионатының ұйымдастыру комитеті Кортина д'Ампеццода 2021 жылы Кортина д'Ампеццода өтетін біріншілікті коронавирус пандемиясына байланысты 2022 жылға ауыстыруды сұрады.

Италия қысқы спорты федерациясы (FISI) мен әлем біріншілігін ұйымдастыру комитеті халықаралық шаңғы федерациясына жылдың ең маңызды додасын кейінге шегеру туралы өтініш жасады. FIS кеңесі осыған байланысты арнайы онлайн жиын өткізді, десе де соңғы шешімді әлі қабылдамады.

Аталған әлем біріншілігі 2021 жылдың 9-21 ақпан күндеріне жоспарланған.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер