Әлем футболы

Дембелеге «Ювентус», «ПСЖ» және «Арсенал» қызығушылық танытып отыр

Дембелеге «Ювентус», «ПСЖ» және «Арсенал»  қызығушылық танытып отыр
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» командасының ойыншысы Усман Дембеле мансабын басқа клубта жалғастыруы мүмкін.

Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, жас футболшыға «Ювентус», «ПСЖ» және «Арсенал» командалары қызығушылық танытып отыр.

Каталониялық клуб 22 жастағы шабуылшы үшін бар болғаны 37 млн фунт ғана сұрап отыр. Усман Дембеле «Барселонаға» 2017 жылы ауысып келген. Клуб ол кезде франциялық футболшы үшін 150 млн еуроға шығындалған болатын.

Бірақ ол клуб басшыларының үмітін ақтай алмады. 3 жылда 74 ойынға қатысып, 19 гол соқты. Ал биыл бар болғаны 9 ойынға қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін «Барселона» Дембелені 60 млн еуроға сатуға дайын екенін жазған едік.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер