Оңтүстік-Шығыс Азия чемпионы қазақстандық спортшының рекордын бұзуға ниетті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФилиппин спортшысы Эрнест Обиена қазақстандық Игорь Потаповичтің сырықпен секіруден қойған рекордын жаңартуға ниетті екенін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.
2019 жылғы Оңтүстік-Шығыс Азия ойындарының жеңімпазы Rappler басылымына берген сұхбатында 28 жылдан бері жаңартылмай келе жатқан Азияның рекордын (5,92 метр) бұзуға қауқары жететінін айтты.
– Шынымды айтсам, 6 метр биікке секіре аламын деп ойлаймын. Қолымнан келетінін білемін, тек осы жолда қалай еңбектеніп, деңгейімді ұстап тұру – проблема, – деді спортшы.
Айта кетейік, Игорь Потапович өзі қойған Азия рекордын үш мәрте қайталаған.
Фото: Getty Images