Әлем футболы

Қазақ маманы ресейлік клубты тізгіндеді

Қазақ маманы ресейлік клубты тізгіндеді
news-banner7
mobile-news-top

«Оренбургтың» бас бапкері Константин Емельянов қызметінен кеткен соң орнына уақытша тағайындалған Ильшат Айтқұлов маусымның соңына дейін клубтың тізгінін ұстауы мүмкін.

Ресейлік клубтың қамқоршылық кеңесінің мүшесі Василий Столыпиннің айтуынша этникалық қазақ маман қызметінде маусымның соңына дейін болады:

– Айтқұлов команданы маусымның соңына дейін басқарады. Оның болашағы команданың нәтижесіне тікелей тәуелді. Біздің мақсат – чемпионатты сәтті аяқтау, - деді Василий Столыпин.

22 мамыр күні «Оренбург» бас бапкер Константин Емельяновпен келісімшартты жаңартпауға шешім қабылдады. Маусым тоқтатылған кезде «Оренбург» РПЛ кестесінде 13-орынға тұрақтады.

Илшат Айтқұлов уақытша бас бапкер болып тағайындалды. Transfermarkt.de порталының мәліметінше, Ильшат Айтқұловта Ресейден бөлек Қазақстан азаматтығы бар.

Еске салайық, қазақстандық футболшы Исламбек Қуат ресейлік клуб сапында ойнайды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер