«Ростов» Бактиер Зайнутдиновпен келісімшарттың мерзімін ұзартады

«Ростов» Бактиер Зайнутдиновпен келісімшарттың мерзімін ұзартады
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Ростов» командасы қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдиновпен келісімшарттың мерзімін ұзартады.

Бүгін белгілі болғандай «Ростовпен» Алексей Козлов келісімшартын ұзартқан. Ендігі кезекте Бактиер Зайнутдинов. Алдағы бірер күнде қос тарап бір келісімге келеді деп күтілуде.

Бұған дейін ресейлік клубтың президенті Арташ Арутюнянц футболшылардың келісімшарттары туралы айта кетіп, Бактиер Зайнутдиновпен келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеген еді.

Осы маусымда 22 жастағы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Зайнутдинов барлық жарыстарда 14 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас авторы атанды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер