Басқа

FINA Дохадағы конгресін 2021 жылға ауыстырды

FINA Дохадағы конгресін 2021 жылға ауыстырды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) Дохадағы конгресті 2021 жылдың 5 маусымына қалдырды.

Аталған конгресте 2021-2025 жылдарға арналған FINA бюросының жаңа құрамы сайланады. Жаңадан тағайындалған бюро мүшелері Токио Олимпиадасы аяқталған бойда қызметіне кіріседі.

Сондай-ақ, қысқа суда жүзуден әлем чемпионатының 2021 жылға ауыстырылуына қатысты да түсініктеме берілді.

«Соңғы аптада біз БАӘ билігімен тығыз қарым-қатынас жасап, чемпионаттың өту мерзімін ауыстырдық. Бұл біріншілікке қатысатын спортшылар үшін сәтті шешім деп ойлаймыз», - деді FINA президенті Хулио Маглионе.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер