«Әл-Айн» Исламханға жаңа келісімшарт ұсынды

«Әл-Айн» Исламханға жаңа келісімшарт ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

«Әл-Айн» командасы Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханға жаңа келісімшарт ұсынды.

Биыл маусымның басында «Әл-Айнға» қосылған Бауыржан Исламханның қазіргі келісімшарты жарты жылға жоспарланған. БАӘ командасының бас бапкері Педро Эмануэль көшбасшы ойыншылар Бауыржан Исламхан мен венгриялық Балаж Джуджакты сақтап қалуды шешкен.

Еске сала кетелік, Исламхан «Әл-Айн» командасына осы жылдың 31 қаңтарында ауысты. Жаңа командасының сапында 10 матч өткізген қазақстандық жартылай қорғаушы 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Команда 19 матчтан кейін чемпионаттың екінші орынында тұр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер