Хоккей

Линус Виделль «Барыспен» келісімшартын бір жылға ұзартты

news-banner7
mobile-news-top

Швед хоккейшісі Линус Виделль елордалық «Барыс» сапында тағы бір жыл ойын көрсететін болды, деп хабарлайды команда сайты.

Линус Виделль қазақстандық ұжым сапында 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін мұз айдынға шығады. Биыл ол «Барыс» құрамында 37 ойында өнер көрсетті. Команданың жартылай финалға дейін жетуіне үлкен үлес қосты.

Швециялық хоккейші 2012 жылдан бері Құрлықтық хоккей лигасында. Елордалық клубқа дейін Ресейдің «Югра», «Северсталь», «Торпедо», «Трактор», Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» және Латвияның «Динамо» (Рига) клубтарында ойнады. Құрлықтық хоккей лигасында 35 жастағы шабуылшы барлығы 433 рет мұз айдынына шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер