Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.
17 қараша 2014

Дегенімізге жетпедік. Қазақстан құрамасы Түркияға жол берді

Пользователь
Дегенімізге жетпедік. Қазақстан құрамасы Түркияға жол берді

Осы жылдың соңғы әрі басты ойыны Түркияға қарсы кездесуде Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бірінші минуттан алаң иелері өздерінің тек жеңістен дәмелі екендігін білдірді. Матч басталғанына 7 минут өтісімен Бурак Йылмаз қақпа торын «бүлк» еткізді. Абырой болғанда, қапталдағы төреші жалаушасын көтеріп, түрік футболшысының оффсайдта қалғанын көрсетті. Кезекті тағы бір шабуылында Бурак қорғаушылардың қателігінен кейін қақпашымен жеке шыққанның өзінде қақпадан қиыс кетті. Ойынның 26-шы минутында Ринат Абдулин қарсыласына қарсы тәртіп бұзып, қақпамызға пенальти алып берді. Нүктеге келген Бурак Йылмаз мүлт кетпеді. 2 минуттан кейін дәл осы Йылмаздың соққысынан кейін Мокин өрескел қателік жасап, қақпамызға екінші голды жіберіп алдық. Шабуыл өтіндегі Хижниченконың жолы болмай-ақ қойды.

Екінші тайм әдеттегідей алаң иелерінің басымдығымен басталды. Кезекті шабуылдың бірінде Йылмаз айып алаңына сытылып өтіп, соққы жасағанымен Мокин қақпасын голдан аман сақтап қалды. Екінші деммен қақпаны нысанаға алған Умут Булут бос қақпаны дәлдей алмады. Дегенмен 82-ші минутта Сердар Азиз бұрыштама добын сәтті пайдаланып есепті 3:0-ге жеткізді. Түркия қақпасының маңындағы қарбаласта Исламхан Қонысбаевқа тамаша пас асырды, ал Ұланға соққы жасауға Мехмед Топал ереже бұзып, матчтағы екінші 11 метрлік айыпдобы белгіленді. Ұлттық құрамадағы тәжірбиелі футболшылардың бірі Самат Смақов тоғыздықты дәл көздеді. Матчтың соңына таман Тағыбергеннің пасынан Щеткин қақпаға баспен соққы жасағанымен Волкан Бабаджан қақпасын голдан құтқарып қалды.

Осылайша, А тобындағы қос құрама арасындағы кездесуде Түркия үш ұпай олжалап, 4-ші сатыға көтерілді.

ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі

Түркия – Қазақстан -3:1 (2:0)

Голдар: Йылмаз 26, 29, Азиз 83 – Смақов 86

Түркия: Демирель, Кайя, Азиз, Туфан, Инан, Туран, Эркин, Шен, Булут Йылмаз, Шахан

Қазақстан: Мокин, Абдулин, Гурман, Логвиненко, Лунин, Тағыберген, Смақов, Шомко, Исламхан, Қонысбаев, Хижниченко

Төрешілер: Еськов, Мосякин, Данченко (бәрі Ресей)

16 қараша 2014. Стадион: «Али Сами Йен Спор Комплексы». Түркия.

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.