Теннис

Новак Джокович бірнеше турнир ұйымдастырады

Новак Джокович бірнеше турнир ұйымдастырады
news-banner7
mobile-news-top

Серб теннисшісі Новак Джокович бірқатар көрме турнирлер ұйымдастырады, деп хабарлайды Prosports.kz. Жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.

Adria Tour сериялы турнирлер 13 маусым мен 5 шілде аралығында Балқан түбегінің әртүрлі қалаларында өтеді, деп жазды әлемнің бірінші ракеткасының сайты.

Джоковичтен басқа турнирлерге австриялық Доминик Тим, болгариялық Григор Димитров пен серб Виктор Троицкий өнер көрсетеді. Турнирлер Белградта (13-14 маусым), Задарда (20-21 маусым), Черногорияда (27-28 маусым) және Банья-Лукада (3-4 шілде) өтеді.

Сонымен қатар, Джокович 5 шілдеде Сараевода босниялық Дамир Джумхурмен көрме матч өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер