Басқа

Бадминтоннан әлемдік турнирдің финалы өтетін уақыт белгіленді

Бадминтоннан әлемдік турнирдің финалы өтетін уақыт белгіленді
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылғы спорт маусымының кестесі жаңартылған соң, бадминтоннан әлемдік турнирдің финалдық кезеңі бір аптаға ығыстырылды.

11-15 желтоқсанға жоспарланған жарыс енді Гуанджоу (Қытай) қаласында 20 желтоқсанда басталады.

Мұндай шешім қабылдауға коронавирус індетіне байланысты жарыстарды өткізу мерзімінің біршама өзгертілгені себеп болып отыр.

Федерацияның әлем турнесі 1-6 қыркүйекке жоспарлануда. Super 1000 Indonesia Open турнирі 17-22 қарашаға ауыстырылды.

Malaysia Open - Super 750 бәсекесі 24-29 қараша аралығында өтеді деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер