Әлем футболы

Месси 2016 жылы «Барселонадан» кеткісі келгенін айтты

Месси 2016 жылы «Барселонадан» кеткісі келгенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси 2016 жылдың жазында каталониялық клубтан кеткісі келгенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Сол жылдары аргентиналық футболшы Испанияда сынның астында қалды. 2016 жылдың маусымында футболшы мен әкесіне 2007-2009 жылдар аралығында 4,1 миллион еуро көлемінде салықтан жалтарды деген айып тағылды.

Футболшының айтуынша, осы жанжалдардан кейін ол Испаниядан кеткісі келген. Бірақ оған өзге клубтардан нақты ұсыныс болмаған көрінеді.

Айта кетейік, қазір коронавирус пандемиясына байланысты Испания чемпионаты уақытша тоқтатылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер