ММА

Макгрегор MMA тарихындағы ең үздік файтерді атады

Макгрегор MMA тарихындағы ең үздік файтерді атады
news-banner7
mobile-news-top

Конор Макгрегор MMA тарихындағы ең үздік файтерлерді атады, деп жазады Prosports.kz.

Ирландиялық спортшы орта салмақтағы UFC чемпионы Андерсон Силваны тарихтағы ең үздік файтер деп санайды.

- Андерсон Силва - тарихтағы ең үздік файтер. Ал мен - екіншімін. Бірақ мен әлі белсенді жұмыс жасап жатырмын, мансабымның соңына дейін бірінші орынға шығамын. Бұл мен үшін еш қиын емес. Джордж Сен-Пьер үшінші орында тұр деп есептеймін. Бірақ ол бізден көп артта қалды. Джонс - төртінші үздік спортшы, үшінші болуы да мүмкін. Маған Джон ұнайды. Ол да белсенді әрекет етуде. Алда биік белеске көтеріле алады», - деп жазды Конор твиттер желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, Макгрегор UFC 246 турнирінде бірінші раундта Дональд Серронды нокаутпен жеңген болатын.

UFC ұйымы кезекті турнирінің толық кардын жариялады

Хабибтің менеджері Жұмағұлов - Уланбеков қарымта жекпе-жегін өткізуді ұсынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер