Әлем футболы

«Барселона» Дембелені су тегінге сатады

«Барселона» Дембелені су тегінге сатады
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» футбол клубы Усман Дембелені су тегінге сатуды жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Каталониялық клуб 22 жастағы шабуылшы үшін бар болғаны 37 млн фунт ғана сұрап отыр.

Дембеле «Барселонаға» 2017 жылы ауысып келген. Клуб ол кезде франциялық футболшы үшін 150 млн еуроға шығындалған болатын.

Бірақ ол клуб басшыларының үмітін ақтай алмады. 3 жылда 74 ойынға қатысып, 19 гол соқты. Ал биыл бар болғаны 9 ойынға қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін «Барселона» Дембелені 60 млн еуроға сатуға дайын екенін жазған едік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер