Әлем футболы

Фейк? «Ахмат» клубының бас директоры Қадыровтың Шешенстанда екенін айтты

Фейк? «Ахмат» клубының бас директоры Қадыровтың Шешенстанда екенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Ахмат» клубының бас директоры Ахмед Айдамиров клубтың құрметті президенті Рамзан Қадыровты коронавирусқа күдікпен ауруханаға жатқызу туралы ақпаратты растаған жоқ, деп хабарлайды Prospors.kz ресейлік Soccernews.ru сайтына сілтеме жасап.

«Оның денсаулығы жақсы, ешқайда кеткен жоқ. Кімнің не жазғанын білмеймін, бірақ мен онымен сөйлескенмін. Ол Шешенстанда. Оның қалы жақсы, ол елді басқарып отыр, құдай сақтасын, әлі ұзақ жылдар басқарар деп сенемін», - деді Айдамиров.

Кеше Қадыровты Мәскеудің үздік клиникаларының біріне апарғаны туралы хабарланған болатын.

22 турдың қорытындысы бойынша «Ахмат» командасы Ресей Премьер-лигасының соңғы орнына жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер