Әлем футболы

Зайнутдиновтің командасы коронавирусқа тест тапсырды

Зайнутдиновтің командасы коронавирусқа тест тапсырды
news-banner7
mobile-news-top

Жақында «Ростов» футбол клубының ойыншылары, бапкерлері және клуб қызметкерлері коронавирусқа тест тапсырды, деп жазады Prosports.kz.

Сол қатарда қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов те сынақ тапсырды.

Барлық футболшының тесті теріс нәтиже көрсетті.

«Ростов» ойыншылары толықтай Ростов қаласында (тек қорғаушы Деннис Хаджикадунич Швециядан оралуы керек). Футболшылар енді жеке жаттығуды бастайды.

Бұған дейін қазір «Рубинде» доп теуіп жүрген, «Ростовқа» тиесілі қорғаушы Константин Плиевтің коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. Ойыншының жағдайы жақсы, өзінің туған жері Владикавказда дәрігерлердің бақылауында емделіп жатыр.

Айта кетейік, Ресей чемпионаты 21 маусымда қайта басталады деп жоспарланып отыр. «Ростов» 22 турдан кейін турнирлік кестесінде төртінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер