Басқа

Таеквондодан ұлттық құраманың жаттығу жиыны кейінге қалдырылды

Таеквондодан ұлттық құраманың жаттығу жиыны кейінге қалдырылды
news-banner7
mobile-news-top

Таеквондодан ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

Елімізде коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай режимі тоқтатылған соң бірнеше спорт түрінен оқу-жаттығу жиындары жоспарланды. Атап айтқанда, таеквондодан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов 25 мамыр оқу-жаттығу жиындарын бастайтынын айтқан болатын.

Спортшылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында "Ақбұлақ" кешеніндегі жиын кейінге қалдырылды. Осыған дейін аға жаттықтырушы жаттығу жиыны басталған жағдайда тек бірінші нөмерлі спортшылардың қатысатынын айтқан болатын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер