Дзюдодан ұлттық құраманың жаттығу жиындары кейінге шегерілді
![Дзюдодан ұлттық құраманың жаттығу жиындары кейінге шегерілді](https://prosports.kz/upload/news/content//202005/204253_cca8a2e480bd140880cb34d10ea82a76.jpg?v=28650023)
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының Алматы облысында жоспарланған оқу-жаттығу жиыны белгісіз мерзімге кейінге қалды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Жоспар бойынша, карантин режимінен кейінгі алғашқы жиын ерлер құрамасы үшін 27 мамыр мен 8 маусым арасында, ал әйелдер командасы 26 мамыр мен 12 маусым күндері өтуі тиіс болатын. Жиынның өткізілмеуіне коронавирус пандемиясы себеп болған.