Әлем футболы

Әлемнің алпауыт клубтары қай футболшыға таласа бастады

Әлемнің алпауыт клубтары қай футболшыға таласа бастады
news-banner7
mobile-news-top

ПСЖ дортмундтық «Боруссия» шабуылшысы Эрлинг Холландты келесі маусымда шабуылды күшейту үшін сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Marca мәлім етті. Дереккөздің хабарлауынша, париждіктер командадағы жағдайды тұрақтандырғысы келеді, өйткені команданың қазіргі шабуылшылары Килиан Мбаппе мен Неймар клубтан кетуі мүмкін. Мбаппенің келісімшарты 2022 жылы аяқталады, оны ұзарту туралы келіссөздер жүргізу қиындық тудырып отыр. Ал Неймар жақында Испанияға оралуға ниеті барын мәлімдеді.

ПСЖ норвгиялық шабуылшы ең болмағанда екеуінің бірінің орнын басады деп есептейді

Бұған дейін «Реалдың» Мбаппе мен Холандты сатып алуға күш жұмсайтыны хабарланған болатын. Эрлинг «Боруссияға» 2020 жылдың қаңтарында «RB Зальцбургтен» ауысып келді. Трансфер сомасы 20 миллион еуроны құрады. Осы маусымда 19 жасар норвегиялық Бундеслиганың тоғыз матчына қатысып (негізгі құрамда алты), 10 гол соғып, екі рт нәтижелі пас берді. Футболшының неміс клубымен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер