Әлем футболы

«Ювентус» Жоржиньоны сатып алады

«Ювентус» Жоржиньоны сатып алады
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» футбол клубы биыл жазда «Челсидің» жартылай қорғаушысы Жоржиньоны сатып алуды жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Бірақ лондондық клуб футболшыны жібергісі келмейді. Сол үшін тым жоғары баға - 70 млн еуро сұрап отыр.

Жоржиньо «Ювентус» бапкері Маурицио Сарридің сүйікті ойыншыларының бірі. Сарри «Наполиді» баптаған кезде Жоржиньо да сонда өнер көрсеткен. Кейін Сарри «Челсидің» тізгінін ұстағанда, Жоржиньоны өзімен бірге Лондонға ертіп кетті.

Айта кетейік, 28 жастағы италиялық ойыншы «Челсиге» 2018 жылы аусып келген. Биылғы маусымда 37 ойынға қатысып, 7 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер