Әлем футболы

Месси «Барселонаның» Чемпиондар лигасын ұту мүмкіндігін бағамдады

Месси «Барселонаның» Чемпиондар лигасын ұту мүмкіндігін бағамдады
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» капитаны Лионель Месси өз командасының Чемпиондар лигасы фавориттерінің қатарына кіретін-кірмейтіні туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз маусым тоқтағанға дейінгі соңғы матчтарда өте нашар ойнадық. Егер осылай ойнауды жалғастырсақ, онда біз Чемпиондар лигасын жеңе алмаймыз. Мүмкін дәл осы үзіліс бізге пайдалы шығар. Мен комадамның құрамына ешқашан күмәнданған емеспін және біз бәрін жеңе аламыз. Бірақ бұрынғыдай ойнауды қою керек», - деді Месси.

Еске сала кетелік, «Барселона» бес жыл бойы Чемпиондар лигасының жеңімпазы болған жоқ.

Аргентиналық жұлдыз бұған дейін Еуропа кубогын төрт рет- 2006, 2009, 2011 және 2015 жылдары жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер