Live
Спорттағы коронавирус

Айдос Орал: Қазақстанда бапкерлер жас ойыншыларға сенім артпайды

Айдос Орал: Қазақстанда бапкерлер жас ойыншыларға сенім артпайды

«Шахтер» ойыншысы, 2017 жылғы  Гранаткин мемориалының үздік жартылай қорғаушысы Айдос Оралмен Prosports.kz сайтының тілшісі әңгімелесіп қайтқан еді. Оқырман назарына сол сұхбатты ұсынамыз.

  • Айдос, қазір қай спортшымен сөйлессек те, алдымен карантин туралы сұраймыз. Себебі спорт жарыстары мен турнирлер тоқтап тұр. Өзің карантин режимін қалай өткіздің?
  • Футбол ойнамағанымыз болмаса, күнделікті режимім өзгере қойған жоқ. Алаңды сағындық, бірақ. Былай болады деп кім ойлаған.
  • Жаттығу процесі ақсап тұрған жоқ па? Үйдегі дайындық спорттық бабыңды бірқалыпты ұстауға мүмкіндік бермейтін шығар?
  • Мен жаттығуды негізінен далада өткіздім. Бапкердің нұсқауы бойынша иықтың жоғарғы жағына жаттығулар жасадым. Қазір саябақта кросс жүгіріп жүрміз.
  • Сонда да бос уақыт көп болған шығар? Қандай кітап оқыдың немесе қандай фильмдер тамашаладың?
  • Жақсы кино болса көп көремін. Мәселен, «Легенда №17», «Тренер» фильмдері ұнады. Кітапты анда-санда оқимын.
  • Биылғы маусым туралы айтайықшы. Басталмай жатып тоқтап қалған чемпионатта қай команданың әлеуеті мықты екенін бағамдап үлгермедік. Кеншілер қай орыннан үмітті биыл?
  • Ең жоғары орындарға таласамыз.
  • Қысқа қайырдың ғой?
  • Берілген тапсырма солай. Мүмкіндігінше жүлделі орындарға ұмтыламыз.
  • Ал команданың әлеуетін нақты бағалап көрсек ше?
  • Тіпті, білмеймін де… Бұған жауап бере алмаймын.
  • Бір кездері Гранаткин мемориалында жұлдыздай жарқырадың. Сол турнирдің үздік жартылай қорғаушысы атандың. Қазір сол Айдос Оралды неге көре алмай жүрміз? Бәлкім бұл жаттықтырушының кінәсі ме?
  • Олай ойламаймын. Бірақ біздің елде жас ойыншыларға көп сенім артпайды бапкерлер. Содан болар деп ойлаймын.
  • Биыл негізгі құрамнан орын ала аласың ба, қалай ойлайсың?
  • Тырысып көремін. Бәсекелестік жоғары деп қол қусырып отыруға болмайды.
  • Басқа клубтарға ауысу ойда бар ма?
  • Білмеймін, ұсыныс түссе көре жатармыз.
  • Қазақстан Премьер-лиггасының қай клубы және қай ойыншысы ұнайды?
  • Қай команда екенін айтпай-ақ қояйын. Футболшылардан Исламханның ойынына тамсанатынмын. Қазір Милан Стояновичтің ойын стилі ұнайды.
  • Еуропа чемпионаттарына кеткің келмей ме?
  • Әрине, ол бәріміздің арманымыз ғой.
  • Мысалы қай елдің чемпионатына барғың келеді?
  • Батыс Еуропаның кез келген біріншілігіне. Жалпы Еуропаның көптеген мемлекеттерінде футбол жоғары деңгейде дамыған.
  • Сені үздік ойыншы қылып тәрбиелеген Александр Кузнецов әр сұхбатында сені мақтаныш етіп отырады. Ол туралы қандай пікір білдіресің?
  • Қуаыштымы, әрине. Ол ғана емес, бүкіл л мақтайтындай футболшы болуға тырысамын. Кузнецов жасөспірімдер және жастармен жақсы жұмыс істейді. Менің ойымша оған клуб бапкері болу керек.
  • Дәл қазіргі арманың не?
  • Чемпионат тез басталса деп жүрмін
  • Көп рахмет!

Сұхбаттасқан Мадияр Қазыбек

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0