Әлем футболы

«Барселона» қорғаушысымен қоштасады

«Барселона» қорғаушысымен қоштасады
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» футбол клубы қорғаушы Нелсон Семедумен жаңа келісімшарт жөнінде келісімге келе алмады, деп жазады Prosports.kz.

Каталониялық клуб 26 жастағы ойыншыға 2025 жылға дейін жарамды жаңа келісімшарт ұсынып отыр. Бірақ португалиялық футболшының сұраған жалақысын төлегісі келмейді.

Осыған байланысты Семеду командадан кетуге ниетті. Оның клубпен қазіргі келісімшарты 2022 жылы аяқталады.

Егер Семедуді биыл сатпаса, келесі жылы трансферлік құны айтарлықтай түсіп кетеді. Осы жағдайды ескере отырып «Барселона» ойыншымен биыл жазда қоштасуы мүмкін. Клуб оны 40 млн еуроға бағалап отыр.

Айта кетейік, Испания чемпионаты 12 маусымда қайта жалғасуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер