Live
Спорттағы коронавирус
Басқа

Спорт нысандарының санын 2025 жылға дейін 30 мыңға жеткізу жоспарланып отыр

Спорт нысандарының санын 2025 жылға дейін 30 мыңға жеткізу жоспарланып отыр

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспарын іске асыру» жөніндегі онлайн-конференцияда 2025 жылға қарай елімізде 30 мыңға дейін спорт нысандарын салу жоспарланғанын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

«Жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарында балаларға арналған спорт секцияларын ұйымдастыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда бүкіл республика бойынша 5428 орта мектепте спорт залдар жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінде 101 спорт федерациясы аккредиттелген, олар қосымша спорт түрлеріне қосымша 10 мыңнан астам секциялар ашуға мүмкіндік алады. Бұл секцияларға шамамен 300 мың бала қатыса алады.

Біздің тағы бір мақсат - спорттық желілер мен инфрақұрылымды арттыру. Бүгінде елімізде 579 балалар-жасөспірімдер клубы мен балалар-жасөспірімдердің дене даярлығына арналған 107 клуб жұмыс істейді. Сәйкесінше, балалар-жасөспірімдер клубы санын 700-ге, балалар-жасөспірімдердің дене даярлығына арналған клуб санын 340-қа өсіреміз. Осылайша дене шынықтыру мен спортпен айналысатындардың саны 100 мың адамға өседі», - деп түсіндірді Ақтоты Райымқұлова.

Сондай-ақ, студенттік және мектеп лигаларының санын арттыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта мұндай лигалар Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен барлық деңгейде 7 спорт түрінен өткізіледі. Мұндай лигаларға 1,5 миллион мектеп оқушылары мен студенттерді тарту жоспарланған. 

«Бүгінгі таңда 38 699 спорт нысандары бар, олардың 23 964-і қарапайым спорт нысандары. Жергілікті атқарушы органдардың есебінше, спорттық инфрақұрылымға деген қажеттілік орташа алғанда жылына 1 мыңнан асады, біздің жоспар бойынша 2025 жылға дейін спорттық нысандар санын 30 мыңға дейін көбейту көзделген», - деді министр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0