Әлем футболы

Жалақысын қысқартуға қарсы болған Рабьо Италияға оралды

Жалақысын қысқартуға қарсы болған Рабьо Италияға оралды
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» жартылай қорғаушысы Адриан Рабьо Туринге қайтып келді, деп жазады Prosports.kz.

Ол енді 14 карантинде болады. Бұдан бөлек екі рет коронавирусқа тексерістен өтеді. Жалпы командамен бірге 27 мамырда ғана жаттыға бастайды.

Қазіргі таңда «Ювентус» ойыншыларынан тек Гонсало Игуаин ғана Италияға оралған жоқ. Аргентиналық шабуылшы өз елінде сырқат анасына қарайласып жатыр.

Рабьо бұған дейін баспасөзде жарияланған қауесеттерді жоққа шығарып, жалақыны төмендетуге қарсы болғанын растамады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер