Хоккей

Виртуалды әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы АҚШ-тан жеңілді

Виртуалды әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы АҚШ-тан жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Хоккейден Қазақстан құрамасы виртуалды әлем чемпионатының төртінші матчында жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 13 мамырда ұлттық құрама АҚШ командасымен кездесіп, 3:4 есебімен есе жіберді.

Біздің құрама турнирде бірде-бір жеңіске жеткен жоқ. Бұған дейін Латвиядан (4:7), Швейцариядан (2:5) және Норвегиядан (3:4) ұтылған болатын.

Айта кетейік, жеңімпаз Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) ресми сайтында дауыс беру арқылы анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер