Әлем футболы

«Ювентус» ойыншысы жалақысын қысқартуға қарсы

«Ювентус» ойыншысы жалақысын қысқартуға қарсы
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» жартылай қорғаушысы Адриан Рабьо Туринге қайтып, командамен бірге жаттығуға қатысудан бас тартты, деп жазады Prosports.kz.

Бұған себеп, франциялық футболшы клубтың жалақыны төмендетуіне қарсы. Жылына 8 млн жалақы алатын Рабьо табысының тым азайғанын қаламайды. Сол үшін клубтың шешіміне қарсы шығып отыр.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 25 жастағы футболшы туриндік клубтан кетіп, Англияға барып доп тебуді ойлап жүрген көрінеді. Оған «Манчестер Юнайтед», «Эвертон» сынды командалар қызығушылық танытып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер