Әлем футболы

Англия футбол қауымдастығы FIFA-мен «Челси» үшін соттасады

Англия футбол қауымдастығы FIFA-мен «Челси» үшін соттасады
news-banner7
mobile-news-top

Англия Футбол қауымдастығы (FA) Спорт төрелік сотына (CAS) Халықаралық футбол федерациясына (FIFA) шағым берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы ақпанда ФИФА «Челсиге» екі трансфер терезесінде жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салған. Оған себеп ағылшын клубы кәмелетке толмаған ойыншылардың ауысуы кезінде көптеген ережелерді бұзған.

Сонымен бірге FIFA қауымдастықтың Челсидің қызметін дұрыс басқара алмағаны үшін ФА-ны 500 мың фунттан астам айыппұлмен жазалады. Кейін айыппұл 290 мың фунтқа дейін азайтылды.

6 желтоқсанда CAS «Челсидің» жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салу туралы өтінішін қолдады және лондондық клубтың жазасын қысқартты. Осыған байланысты FA айыппұлды азайту үшін күресуге шешім қабылдады. Тыңдау 26 маусымға белгіленген

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер