Хоккей

«Барыс» құрамындағы ең құрметті хоккейші анықталды

«Барыс» құрамындағы ең құрметті хоккейші анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) 2019/20 маусымының қорытындысы бойынша лиганың ең құрметті хоккейшісін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы айда лига үш категория бойынша ойыншылардан сұхбат алды - «Ең құрметті хоккейші», «Маусымның ең жақсы хоккейшісі» және «Басты әзілкеш». Сауалнамаға барлығы 200-ден астам хоккейші қатысты.

«Барыс» сапындағы ең құрметті ойыншы болып 36 жастағы қорғаушы Максим Семенов танылды. Өткен маусымда ол бар-жоғы 17 матч өткізді, 1(0+1) ұпай жинады.

Ал қалған екі категориядағы тізімге елордалық клуб сапынан ешкім кірген жоқ.

Еске салайық, 25 наурызда КХЛ коронавирус пандемиясына байланысты 2019/20 маусымының мерзімінен бұрын аяқталатыны туралы хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер