Бокс

«Жекпе-жекке шақыруды доғарыңдар». Мейвезер Пакьяоны жақтады

«Жекпе-жекке шақыруды доғарыңдар». Мейвезер Пакьяоны жақтады
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер 41 жастағы филиппиндік Мэнни Пакьяоны жекпе-жекке шақыратындарды сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Vringe сайтына сілтеме жасап.

Мэннимен оның дивизионындағы барлық чемпион жұдырықтасуды қалайды, оның ішінде Эррол Спенс, Теренс Кроуфорд, Шон Портер, Дэнни Гарсиа және Мигель Анхель Гарсиа бар.

«Ол не істегісі келсе де, өзі беліде. Оған қарсы ештеңе айта алмаймын. Бұл менің таңдауым емес, менің денсаулығым емес. Бірақ жас боксшылар «Пакьяомен жұдырықтасуды армандаймын» деп, оны жекпе-жекке шақырғанда көңіл-күйім түседі. Әй, жігіттер, оның жасы - 41-де! Оны жекпе-жекке шақыруды доғарыңдар. Одан да бір-біріңмен жұдырықтасыңдар. Өзара кім мықтыны анықтаңдар», - деді Мейвезер.

Флойд Мейвезер бокстағы ізбасарын дайындап жатыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер