Әлем футболы

«Реал» Бэйлдің орнына «Бавария» ойыншысын сатып алады

«Реал» Бэйлдің орнына «Бавария» ойыншысын сатып алады
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» футбол клубы «Бавария» жартылай қорғаушысы Кингсли Команды сатып алуға ниетті, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының жазуынша, франциялық футболшының өнері «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зиданға ұнайды.

«Реал» Команды сатып алып, Герат Бэйлді өзге командаға жібергісі келеді. Ал «Бавария» Команды сатып, оның орнына «Манчестер Сити» ойыншысы Лерой Санені сатып алмақшы. Демек бұл тарнсфер қос клубқа да тиімді деген сөз.

Айта кетейік, Кингсли Коман «Баварияға» 2015 жылы ауысып келген. Содан бері 147 кездесуде 30 гол соғып, 33 нәтижелі паспен көзге түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер