Бокс

«Айда төбелессек те бәрібір». Шеремета Головкинмен жекпе-жегі туралы айтты

«Айда төбелессек те бәрібір». Шеремета Головкинмен жекпе-жегі туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы поляк боксшысы Камил Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке дайындығы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Prosports.kz Super Express сайтына сілтеме жасап.

Бокс кешінің қайда және қашан болатыны туралы ақпарат бар ма?

- Қайда және қашан екенін білмеймін. Бұл Дональд Трамптың шекараларды қашан ашатындығына байланысты. Мен Головкинмен Айда да жұдырықтасуға дайынмын. Ең бастысы, бұл жекпе-жек өтсе болды.

- Айда? Бұл онда қызықты кездесу болар еді.

Бұл әлем біздің ержүрек болуымызды талап етеді.

- Пандемия кезінде Федор Лапинсыз не істедіңіз?

- Үйде отырсам да, менің жаттығатын залым болды. Бұл каратэ мен тренажер залы еді. Онда қапшықтар болды, сол үшін мен жаттығак алдым. Бір жерде отырған жоқпын. Саналы түрде дайындалдым. Сондай-ақ диета ұстадым, сондықтан менің салмағымды бірқалыпты ұстап тұрмын.

- Қанша?

- Шамамен 80 келі (орташа салмағы 72,5 кг - автор). Бұл өте тәуір салмақ.

- Головкинмен жекпе-жектің кейінге қалғаны сіздің пайдаңызға шешілді деп ойлайтын сияқтыссыз. Неге?

- Себебі жіберген қателіктерді жоюға уақытым бар және Головкиннің боксын талдауға мүмкіндік табамын.

Сурет: Super Express.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер