Командалық

Қазақстан волейбол федерациясы допингке қарсы бақылауды күшейтті

Қазақстан волейбол федерациясы допингке қарсы бақылауды күшейтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан волейбол федерациясы допинг ережелерін бұзушыларға қатысты нөлдік төзімділікті ұстанатынын және бақылаудың күшейтілетінін мәлімдеді.

Мұндай шұғыл шешім қабылдауға Қазақстан командасының ойыншысы Антон Кузнецовтің допингпен ұсталуы себеп болды.

«Қазақстан волейбол федерациясы ұлттық құрама мен алматылық «Буревестник» клубы ойыншысының тыйым салынған дәрі-дәрмекті пайдалануына байланысты басшылық пен бапкерлерге және медицина қызметкерлеріне допингке қарсы ережені күшейту керектігін ескертеді. Спорт министрлігі және Ұлттық Олимпиадалық комитетпен бірге волейбол федерациясы допинг қабылданған спортшыларға қатысты нөлдік төзімділікті ұстанады», - делінген ресми хабарламада.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер