Әлем футболы

Артур «Барселонадан» кеткісі келмейді

Артур «Барселонадан» кеткісі келмейді
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» мен «Ювентус» өзара ойыншы алмастыруды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, каталониялық клуб Артур, Иван Ракитич, Нелсон Семеду, Серджи Роберто қатарлы ойыншыларды «Ювентусқа» ұсынып отыр. Ал турниндік клуб Миралем Пьянич пен Федерико Бернардескиді саудаға салмақ.

Өткен жылы «Валенсия» мен «Барселона» қақпашыларын сәтті алмастырғанын ескерсек, мұндай трансферлік ауысымды жоққа шығаруға болмайды.

Алайда Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, Артур «Барселонадан» ешқайда кетпейтінін айтқан. Оның үстіне бразилиялық футболшы айлық сақтап қалуды көздеп отыр.

Коронавирусқа байланысты қаржылық қиындық көріп отырған клубтар үшін бұл трансфер жасаудың тиімді жолы саналады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер