Командалық

FIBA 2023 жылғы әлем кубогының өтетін уақытын бекітті

FIBA 2023 жылғы әлем кубогының өтетін уақытын бекітті
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық баскетбол федерациясының орталық кеңесінің шешімімен жарыстардың өткізілу уақыттары белгіленді.

Жарысты өткізетін ел мен FIBA комиссиясы Индонезия, Жапония мен Филиппинде баскетболдан әлем кубогінің топтық кезеңдері мен Филиппин астанасы Манилде өтетін финалдық кезеңдерді бекітті. Жарыс тарихында бір уақытта бірнеше елде өтетін дода ретінде бірінші рет ұйымдастырылып отыр.

Сонымен қатар, Орталық кеңестің мәлімдеуінше FIBA 2023 жылы өтетін әлем кубогінің ресми сайтын дайындайды. Аталған дода басталғанға дейін тұрақты түрде жаңартылып, нақты ақпараттар таратылып отырады. 2023 жылғы әлем кубогіне дүниежүзінен 32 команда қатысады деп жоспарлануда.

Былтыр Бейжиңдегі Wukesong Sport Arena стадионында 95-75 есебімен Испания құрамасы Аргентинаны жеңіп, кубогті иеленген болатын.

2023 жылғы әлем кубогі үшін талас 2020 жылдың ақпан айында басталды. Кфаливикациялық кезеңнен Еуропалық іріктеу турниріне барлығы сегіз команда іріктеліп шықты. 2020 жылы Солтүстік және Оңтүстік Америкада іріктеу турнирі өтіп, оған төрт команда қатысады.

FIBA 202 әлем кубогіне іріктеу 2021 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың ақпан айына дейін созылады. Барлығы 80 ұлттық команда өзара бақ сынасып, әлем үздігі атануға барын салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер