Әлем футболы

Англия үкіметі спорт жарыстарын өткізуге рұқсат берді

Англия үкіметі спорт жарыстарын өткізуге рұқсат берді
news-banner7
mobile-news-top

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 1 маусымнан бастап елде спорттық жарыстарды өткізуге рұқсат берді, деп жазады Prosports.kz.

Англия үкіметі 50 беттен тұратын спорттық шараларды қайта жандандыру жоспарын жариялады. Құжатқа сай, бірінші маусымға дейін елде ешқандай спорттық жарыс өтпейді.

Ал бірінші маусымнан кейін үкіметтің нұсқаулықтарына сай, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, спорт жарыстарын өткізуге болады. Бірақ жарыстар сөзсіз көрерменсіз өтеді.

Осы құжатқа сүйенсек, Англия Премьер лигасы маусым айында қайта жалғасуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер