FightNightsGlobal президенті: Нурмагомедов - Гэтжи жекпе-жегінде Хабиб - фаворит
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызFightNightsGlobal ресейлік жарнаманың жетекшісі Камил Гаджиев UFC жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен осы дивизионның уақытша чемпионы Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Гаджиевтің айтуынша, бұл жекпе-жек Хабибтің Конор МакГрегорға қарсы өткізген кездесуіне ұқсас болады.
«Гэтжимен болған жекпе-жек МакГрегормен болған кездесуге ұқсас өрбуге тиіс, әр раундтың басында Джастин мығым соққыларымен қауіп төндіреді. Бірақ Хабиб партерде басымдыққа ие болмақ. Тек бір сұрағым бар - Хабиб Джастиннен бұрын қимылдап, партерге жеткізе ала ма? Менің ойымша, бұл мүмкін. Хабиб - фаворит. Гэтжи жақсы күрессе де, оның деңгейі белгілі», - деді Гаджиев.
Еске сала кетелік, 10 мамыр күні Джастин Гэтжи UFC промоушнының жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы Тони Фергюсонды жеңіп, оның белбеуін жеңіп алды.